2025 жылғы 5 ақпанда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ұлттық код тұжырымдамасы – экрандық өнерді дамыту ресурсы»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында «Кино және Телевидение» факультетінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі Баглан  Құдайберлиевтің «Эволюция лейтмотивных тем в истории казахского игрового кино: дорога, дом, дети» атты монографиясы таныстырылды.

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және басқа да елдердің кино саласындағы танымал зерттеушілері мен мамандары қатысты. Олардың қатарында:

Ғ.Б. Әбілдина – профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

С.К. Шаймерденова – философия ғылымдарының кандидаты, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті.

Д.И. Мирсаидова – Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының доценті.

А.О. Омаров – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының Президенті міндетін атқарушы.

Б.Б. Шекеров – «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының бас редакторы.

М.В. Соловьева – «Тұран» университетінің профессоры.

Конференцияда ұлттық кодтың киноөнерге ықпалы, қазақ киносының көркемдік ерекшеліктері мен рәміздері, заманауи киноиндустриядағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, кино арқылы жаңа өрлеу жолдарын қарастыру – конференцияның басты мақсаты болды.